4873

Нұр-Сұлтанда «SAMGAU» халықаралық театр фестивалі өтеді

Биыл 10-16 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында VII «SAMGAU» халықаралық театр өнері фестивалі өтеді. Фестиваль «Жастар» театрының, Қазақ драма театрының және Nomad City Hall комедия театрының сахналарында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«SAMGAU» театр фестивалі елордалық өнер сүйер қауым тағатсыз күтетін шаралардың бірі. Оған еліміздің және таяу шетелдің танымал  театр ұжымдары бас қосады.

Биыл театр өнері апталығында 15 ұжым өз өнерлерін ортаға салмақ, оның ішінде бесеуі елордалық: «Жастар» театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, «Nomad City Hall» комедия театры мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіловтің театры «SAMGAU» фестиваліне алғаш рет қатысады.

Сонымен қатар, халықаралық шара барысында Қазақстаннан Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан драма театры (Петропавл), «Жаңа ғасыр» театры (Алматы қаласы), Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры (Павлодар қаласы), С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры (Қарағанды қаласы), Шығыс Қазақстан облысының драма театры (Өскемен) шақырылды. Ал шетелдік қатысушылардың арасында Өзбекстан мемлекеттік драма театры (Ташкент қ.), «У Моста» Пермь театры (Ресей, Пермь қ.), Жаңа көркем театры (Ресей, Челябі), «Pilies» театры (Литва, Клайпеда қ.), Б. Кыдыкеева атындағы Қырғыз Мемлекеттік жас көрермен театры (Қырғызстан, Бішкек қ.) бар.

Көрермендер «Айман-Шолпан», «Әке», «Ромео мен Джульетта», «Қарагөз», «Венециялық егіздер», «Труффальдино – екі мырзаға бір қызметші», «Ләйлі-Мәжнүн», «Джут» спектакльдерін, «Ричард III» реквиемін және басқа да қойылымдарды тамашалайды. VII «SAMGAU» халықаралық театр өнері фестивалі аясында спектакль көрсетілімдерінен басқа, сахна майталмандары актерлік шеберлік пен режиссурадан шеберлік дәрістерін өткізеді. Фестиваль бойынша толық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайтында ұсынылған.

Биыл фестивальде қазылар алқасының құрамында театр өнерінің көрнекті қайраткерлері, оның ішінде театртанушы, театр сыншысы, драматург, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер Қазақ мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, театра және кино режиссері, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, өнертану докторы, театр сыншысы, ГИТИС – Ресей театр өнері институтының профессоры – Нина Шалимова, театр сыншысы, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Анар Еркебай және РКФСР еңбек сіңірген әртісі, Ресей халық әртісі, «Алтын Витязь» халықаралық кинофорумының президенті Николай Бурляев төрелік етеді.

Айта кетейік, «SAMGAU» халықаралық театр өнері фестивалі елордада 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:  32-36-24; 32-82-23, 38-01-19, 55-67-67

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109