4590

Нұр-Сұлтанда «Сүндет-2019» акциясы өтіп жатыр

«Сүндет-2019» акциясы бойынша елорданың ауруханалары мен емханаларында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жаппай тегін сүндетке отырғызу жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Қала бойынша алғашқы күні циркумцизиядан 3-7 жас аралығындағы 195 бүлдіршін қатысты. Айта кетерлігі, елорданың клиникаларында мұндай ота 20-30 мың теңге аралығын құрайды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында балаларға арнайы «BI Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының қолдауымен балаларға арналған аниматорларлық ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы циркумцизияны жүргізу үшін 4 медициналық ұйымды белгіледі. Онда хирургтар мен урологтар тобы жұмыс істейді, әрқайсысында 2-ден 5-ке дейін операция жасау бөлімдері көзделген. Әрбір медициналық мекеме бойынша сүндетке отырғызуды бірден бес хирург жүргізеді.

№ 4 емханада Ералы есімді ұл бала сүндетке отыру үшін ата-әжесімен, әке-шешесімен бірге келді. Бұл отбасының тағы үш баласы бар.

«Баламыз жақында бес жасқа толады. Тамыз айында сүндеттеуге дайындалып жүргенбіз. Бүгін айдың жетінші күні, аптаның жұмасына сәйкес келіп отыр, қазақ халқы үшін жақсы күн болып есептеледі. Ауа райы да ыстық емес салқындау. Біздің Ералы әрбір мұсылман бала сүндеттелу керек екенін біледі», - деп атап өтті Ералының анасы Гүлжан Қасенова.

Ол сөз арасында бұл акцияны facebook желісінен көріп, әкімдікке бірден хабарласқанын жеткізді.

«Қазақ халқы ежелден 7 санын және жұма күнін қасиетті деп түсінген. Мұндай отаны дәл осы қасиетті саналған күндер сәйкес келген уақытта жасау өте ерекше», деді хирург Серік Қалдыбаев.

Сүндетке отырғызу 7-8 маусым күнері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сүндетке отырған балаларға арнайы естелік сыйлықтар дайындалыпты.

«Сүндет-2019» акциясына қатысу үшін өтінімдерді аудандық әкімдіктер 31 мамырдан 6 маусымға дейін қабылдады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109