3947

Елордада 238 сайлау учаскесі ашылды

Елордада 9 маусым күні сағат 07.00-де сайлау учаскелерінде Қазақстан президентіне дауыс беру басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 238 сайлау учаскесі тіркелген. Олардың әрқайсысына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және құрамында төрт қызметкері бар комиссия мүшелері бекітілді.

№ 80 сайлау учаскесінде (С. Сейфуллин көшесі, 59) дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. «Байқоңыр» ауданының тұрғындары таңертеңнен бастап Қазақстан президентіне дауыс беру үшін келді. Ең алғашқы сайлаушылар естелік сыйлықтар алды.

«Тұрғындар таңертеңнен бастап сайлауға белсенді қатыса бастады, негізінен бұл жастар мен аға буын өкілдері. Бұл қуантарлық жайт. Сайлау учаскесінде дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Ал мен еліміздің азаматы ретінде өз таңдауымды жасап, дауыс бердім», - деп атап өтті № 80 сайлау учаскесінің төрағасы Жеңіс Телемисов.

Қаланың сайлау учаскелерінде үш мыңға жуық сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың 1109-ы саяси партиялардың мүшесі болса, 1399 – қоғамдық бірлестіктердің өкілі, сондай-ақ 318 адам жоғары сайлау комиссиялары тарапынан ұсынылды.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің қатарына саяси партиялар мен ҮЕҰ, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер және түрлі мекемелердің қызметкерлері кірді.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлаушылардың санына байланысты 5-тен 11 адамға дейін анықталады. Әрбір сайлау учаскесінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 2 бақылаушы жұмыс істейді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109