836

Сайлау біз үшін мереке – қала тұрғындары

Бүгін, 9 маусымда Қазақстан Республикасының азаматтары ел Президентін таңдайды. Бұл күні елорда тұрғындарының мерекелiк кɵңiл-күйiн кɵтеру үшiн түрлi концерттер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды, деп хабарлайды әкімдік сайты.

"Астана" концерт залының, "Астана-Бәйтерек" монументінің және "Жастар"сарайының жанындағы ашық алаңдарда концерттер өтеді. Бағдарламада патриоттық әндер, астаналық әртістердің орындауында қазіргі заманғы əндерi бар.

Сондай-ақ, бүгін сайлау учаскелерінде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетілді.

"Жастар" сарайының жанындағы жазғы сахнада мерекелік концерттердің бірі өтіп жатыр, сондай-ақ № 66 және 67 сайлау учаскелері ашылды. № 67 сайлау учаскесінің төрайымы Сәния Тухтынованың айтуынша, таңертеңнен бастап сайлаушылар еліміздің болашақ президентін сайлау үшiн дауыс берiп жатыр.

"Отбасыларымен жақсы көңіл-күймен келеді", - деп атап өтті ол.

«Сайлау біз үшін мереке. Біз бүкіл отбасымызбен сайлауда дауыс беруге келдік. Сайлау учаскесінде бізді сыйлықпен, концертпен күтіп алды. Мұны күтпеген едік», - дейді қала тұрғыны Асыл Шолтабаева.

"Жастар" сарайының алдында әр түрлі байқаулар өткізіліп, мерекелік сауда ұйымдастырылды, мұнда келушілер ыстық және салқын сусындар, балмұздақ, тәтті мақта сатып ала алады. Бұл балаларға бос уақыттарын кɵңiлдi ɵткiзу үшiн жасалып отыр.

Мiне елорданың сайлау учаскелеріндегi жағдай осылай ɵрбiп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109