3285

Сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу үшін 200 волонтер жұмылдырылды

200 астаналық волонтер Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін болады. Олардың міндеті – дауыс берушілерді қарсы алып көмектесу және қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі жандарға кеңес беру деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әрбір сайлау учаскесінде бір еріктіден бекітілген.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауда ат салысуы оларға жағымды әсер етіп, халықтың жалпы азаматтық санасын арттырады деп ойлаймын. Олар техникалық қолжетімді әлеуметтік ортаға мұқтаж. Бүгін біз таңғы сағат 8 - ден бастап 18.00-ге дейін жұмысқа кірісеміз», - деді «Астана Жастары» КММ еріктісі Мирас Муратов.

№ 177 сайлау учаскесінде дауыс беруге қазақстандық паралимпиадашы Ардақ Отарбаев қатысты. 2006 жылы жол-көлік оқиғасынан кейін жүру мүмкіндігінен айырылып, ол бір жыл ішінде төсекке таңылған болатын. Бірақ ол мойымай, спортпен айналыса бастады. Бүгінде Ардақ Отарбаев - табысты паралимпиадашы, арбамен билеу бойынша республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Сонымен қатар, ол теледидар мен радиода жүргізушілік қызметін атқарған.

«Әрбір азамат келіп, өз таңдауын жасауы керек. Бұл біздің балаларымыздың, еліміздің болашағы», - дейді Ардақ Отарбаев.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі автокөлік тұрағы, сүйеніштер мен пандустар, лифтілер, тактильді көрсеткіштер, дауыс беруге арналған арнайы кабинкалар сияқты қажетті жағдайларды жасады.

Бүгін елордада мүмкіндігі шектеулі 25 719 адам тұрады. Оның ішінде 19504 адам отырып тұру проблемасын бастан кешуде.

Жалпы қаланың барлық сайлау учаскелері пандустармен жабдықталған, ерекше қажеттілікті талап ететін жандар үшін кабинаның ішінде еркін жүруге мүмкіндік беретін мамандандырылған дауыс беру кабиналары орнатылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109