2976

«Хан Шатыр» алдындағы өтпелі жолды жалға беру конкурсы басталды

«Хан Шатыр» СОО-ға қарасты жерасты өтпе жолын коммерцияландыру үшін өтетін конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды. Жобаға қатысу өтінімдері 2019  жылдың  10 маусымынан 25 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бірнеше талап бар: Ол Қазақстан Республикасының аумағында немесе ТМД елдерінде нарық саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі; жобаны іске асыру үшін кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті қызметкерлер; инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржы ресурстарының болуы құжаттармен расталады (депозиттердің, кредиттік желілер және т.б бар болуы туралы анықтамалар); мерзімі өткен салық берешегінің жоқтығы туралы ҚР Салық комитетінен берілген анықтама; мерзімі өткен банк берешегінің жоқтығы туралы банк анықтамасы.

Ал конкурсқа қатысу шарттары:

Конкурсқа қатысу үшін  төленетін кепілдік жарна 2 621 910 (екі миллион алты жүз жиырма бір мың тоғыз жүз  он) теңгені құрайды. Жеңіске жеткен жағдайда кепілдік жарнасы жалдау ақысының есебіне жазылады. Ал кері жағдайда кепілдік жарна кері қайтарылады.

Конкурсқа қатысу үшін инвестициялардың ең аз көлемі 100 000 000 млн теңге болуы тиіс.

Ең төменгі жалдау бағасы – 1 ш.м. -400 теңге ҚҚС есебімен / ш.м.

Нысанның жалпы аумағы – 5 243, 82 ш.м.

Келісімшарт жасалған сәттен бастап 60 (алпыс) ай ішінде конкурс жеңімпазы белгіленген құнның 50% көлемінде ай сайын жалға алу төлемдерін жасайды.

Нысанды жалға беру мерзімі – 10 (он) жылдан кем емес.

60 ай өткеннен кейін жалға алу құнының көлемі 1 ш.м үшін 400 теңгені құрап, жылдық жалға алу құны белгіленген тарифтен 5% өсіп отырады.

Әлеуетті қатысушы «Астана» ӘКК »ҰК» АҚ-ға келесі құжаттар қоса тіркелген бірінші директордың қолы қойылған өтінішті жібереді:

1) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткендігі (қайта тіркеуден өткендігі) туралы  анықтаманың (куәліктің) көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу туралы құжатының көшірмесі, заңды тұлғаларды уақытша біріктіру үшін (консорциум) – консорциум құру туралы келісімнің көшірмесі, консорциум қатысушыларының мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден өткендігі) өту туралы анықтаманың (Қатысушының бірінші басшысының мөрімен/қолымен куәландырылған) көшірмесі;

2) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

3) әлеуетті қатысушының өз шотынан  белгiленген кепілдік жарнаны аудару туралы банкпен расталған төлем құжаты;

4) ағымдағы шоттың болуы туралы және мәлімделген инвестиция көлемінен  50% кем емес қаржының болуын растайтын банк анықтамасы, ал банк анықтамасын ұсыну мүмкін болмаған жағдайда міндеттемелерді орындау кепілі ретінде меншік құқығымен әлеуетті қатысушыға тиесілі жылжымайтын мүлікті ұсынады.

5) ұсынылатын инвестициялық жобаның нұсқасы мына талаптарға сай болуы тиіс:

- F&B фуд-кортының болуы;

- мәдени және ойын-сауық іс-шараларын өткізу үшін кемінде 100 ш.м. аумақтың болуы;

- қоғамдық санитарлық бөліктердің кем дегенде 2 бірлік көлемінде болуы;

- ені кемінде 10 метр болатын тоқтаусыз өтіп кететін жолмен қамтамасыз ету;

6) бизнес-жоспарлар, келісімдер, техникалық жобалау, сызбалар, нұсқаулар, жөндеу жұмыстарының мерзімдері, пайдаланылатын материалдар, жобалық-сметалық құжаттама, оның ішінде объектінің инфрақұрылымына (электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, канализация және т.б.) шектелмей  нысанды жаңғыртумен байланысты қаржылық, техникалық және сапалық сипаттамалары көрсетілген техникалық сипаттама.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109