3318

Елордада этностардың интерактивті картасы ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елорда Ассамблеясының қолдауымен, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының іске асырылуы аясында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының» таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері мен жастар қанаты қатысты.

Тұсаукесерде Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында География институтымен және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп дайындалған Интерактивті ғылыми тарихи карта таныстырылады.

Карта Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасы бойынша дайындалды. Картаның мақсаты – қазақ ұлтының ерекше мемлекетті ұйыстырушы миссиясымен ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың ұйысу үдерісін толық дәл көрсету. Ғылыми карта үш тілде орындалған және ежелден бүгінге дейін Қазақстанның полиэтностық халқының қалыптасуы туралы ауқымды материалдан тұрады, қазақ халқымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 50-ден аса этностық топ өкілдері туралы, архив және статистикалық мәліметтер негізіндегі астана тарихы туралы  құнды ақпарат береді.

Картаны ғаламтор желісінен әрдайым жаңа ақпаратпен толықтырылып тұратын www.map.assembly.kz сайты арқылы еркін көруге болады. Сонымен қатар өткен жылы Институттың «Жас ғалымдар кеңесі» http://edu.e-history.kz электронды ғылыми журналын іске қосты. Электронды ғылыми журнал түрлі елдердің тарих мәселелерімен айналысатын жас мамандары мен ғылыми қызметшілерге арналған.

Картаның таныстырылымы барысында елорда Ассамблеясы мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға ниет білдірді. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан алғыс білдірген ғылыми хатшы, PhD докторы М.Қозыбаева Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Айдашевке үш тілде жазылған «Қазақстан тарихы» кітаптарын сыйға тартты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109