3346

Нұр-Сұлтанда жаңа саябақтар ашылады

Жақында Нұр-Сұлтан тұрғындары тағы да жаңадан ашылатын екі саябақта серуендейтін болады. Саябақтар Бейбітшілік және Келісім сарайынан бастап «Нұрлы жол» вокзалына дейін 6 шақырымды алып жатқан «Мыңжылдық» аллеясының бойында орналасады, - деп хабарлады қала әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Жоспарымыз бойынша Аллеяның өзі де – «Нұржол» бульвары, Президент саябағы, Бәйтерек, ғашықтар саябағы бойынша қаланың орталық белдігін жалғастыратын үлкен әрі демалушыларға ыңғайлы жасыл саябаққа айналады. Бульвардың нақ ортасында орналасатын жаңа Қазақ драма театры осы жердің ең басты нысаны болмақ. Ал оны бойлай ұлттық, азиялық және еуразиялық сәулет стилінде тұрғын үйлер салынады. Біз Аллеяның орталық бульварын жобалау бойынша конкурс жариялап қойдық. Ал жақында өткен қала құрылысының кеңесінде оны айнала қоршайтын тұрғын үй кешендерінің жобаларын қарадық. «Мыңжылдық» ауданының жаңа келбетіне қалалықтар өз бағасын беретініне сенімдімін», - деп атады әкім.

 «Мыңжылдық» аумағының ауданы 1,2 мың гектарға жуық. Аумақтың 10% игеріліп, жол және инженерлік желілерінің 50% салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109