2670

«Астана LRT» тегін ауысып отыру қызметі қай жағдайда алынып тасталатынын түсіндірді

«Астана LRT» компаниясы қала маңындағы маршруттарда қай жағдайда тегін ауысып отыру қызметі алынып тасталуы мүмкін екенін түсіндірді.

«Бізге қала маңы бағдарларының жолаушыларынан тегін ауысып отыру туралы сұрақтар келеді. Өздеріңіз білетіндей, қала маңындағы бағдарлар қала ішінде де жүреді. Бұл ретте қала ішіндегі сапарлар қалалық бағдарлар сияқты тарифтеледі. Сондықтан қала маңы бағдарында қала ішінде қалалық бағдардағыдай валидация өтеді. Егерде сіз қала маңында валидация жасап, қала ішінде тағы да валидация жасайтын болсаңыз, сізден тегін ауысып отыру қызметі алынуы мүмкін», - деп жазады «Астана LRT» Facebook парақшасында.

«Біз кейбір жүргізушілер автобустан түсер алдында тағы да валидация жасауды талап ететінін білеміз. Қала маңына қатынайтын бағдарлардың барлық жүргізушісімен қосымша инструктаж жүргізілгенін хабарлаймыз. Автобус жүргізушілері жолаушылардан валидацияны қайта жасауды талап етпеуі керек. Егер сіз жүргізушінің осындай талабына тап болсаңыз, жүргізушінің мәліметтерін бізге хабарлауыңызды сұраймыз», - деп хабарлады «Астана LRT» компаниясы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109