1048

Елордада «Еуразияның таза жағалауы» эко-акциясы өтеді

Сенбі күні, 29 маусымда елордада «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық экологиялық акциясын өткізу жоспарланып отыр. Ол қала аумағындағы су нысандарының жағдайын жақсартуға, қоршаған орта мен экологияның тазалығын сақтауға бағытталған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі Халықаралық көл өңірлері қауымдастығының (ХКӨҚ) бастамасын қолдау мақсатында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Let' s do it, Qazaq eli», Астана автоклубтар альянсымен бірлесіп 2019 жылдың 29 маусымында «Еуразияның таза жағалауы» халықаралық акциясын және «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалысын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл күні, барлық ниет білдірушілер көп көлемдегі қоқыстарды жинап, оны одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін бірлесе иық тірестіріп жұмыс жасайтын болады.

Экологиялық акция шеңберінде азаматтық бастамалар тазалықты сақтауға саналы көзқарасты ұштастыра отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, сондай-ақ қазіргі заманғы қоғамның тұрақты дамуында керемет табыстарға қол жеткізуге көмектеседі деп болжанып отыр. Елордарың тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырады.

«Өйткені, біз әлемді экологиялық таза етіп, оның сұлулығын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға күш-жігеріміз бар!» дейді акцияның ұйымдастырушылары.

Акцияның өткізу уақыты сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін. Қатысуға ниет білдірушілер толық ақпаратты (іс – шараның басталуы, орны) мына телефондар арқылы ала алады: 8 (7172) 55-75-74-Уәлихан, 55-75-77-Алмаз, +7 701 712 00 71 (ватсап) – Шасалим.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109