2794

Елордада IT-технология саласында 15 қылмыс анықталды

Елордалық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық фактілерін, электронды шоттардан заңсыз ұрлық фактілерін анықтауға және алдын алуға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне ілтеме жасап қала әкімдігі хабарлады.

Іс-шара барысында полицейлер ақпараттық технология саласында 15 қылмыстық құқықбұзушылықтың бетін ашты.

«Қостанайдың 33 жастағы тұрғыны қаржы ұйымдарына еш қатысы болмаса да кредит алу, кридеттік тарихты ретке келтіру туралы жалған хабарламалар жариялаған. Сайт пайдаланушылармен бейтаныс адамдардың атынан жалған келісім жасап, сақтандыру қызметін сылтау етіп, қайтыс болып кеткен адамның атына тіркелген банк картасына алдын ала төлем жасатып отырған. Қаржы шотқа түскеннен кейін хабарламаларын өшіріп, телефонын сөндіріп тастаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынып, қазір 20-дан аса оқиға қатысы бары анықталып жатыр.

 Бұдан бөлек, интернет арқылы автобөлшектер жеткізу ісінде алаяқтық жасаған Алматы, Қостанай қалаларында тұратын бірнеше азамат қолға түсті.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының плоициясы интернет арқылы сатып алуда абай болуға шақырды. Сауда жасардан бұрын хабарламаны жан-жақты тексеріп, күмәнді болса бас тартуды, сондай-ақ видеобайланыс арқылы тауардың барына көз жеткізуді, ал ақысын қолға тигенде ғана төлеуді кеңес етті. Бейтаныс адамдарға банк реквизитін, жеке мәліметтерді беруге боолмайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109