2939

ТЖД қызметкерлері Есіл өзенінде бір адамды құтқарып қалды

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Есіл өзенінде суға батып бара жатқан бір адамды құтқарып қалды, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін 12 маусымда 11 сағат 28 минутта «112» нөміріне «102» ЖБО-дан Есіл өзенінде «Сана» ТК-ге қарама-қарсы адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде сол жерге жақын жерде патрульдеуді жүзеге асырушы Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары катерімен жіберілді», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар Абылайхан Өмірбаев, Ержан Қабылов және Дәурен Қайыров оқиға орнына жылдам жетті. Абылайхан жалма-жан суға секіріп, батып бара жатқан ер адамды көтеріп алып, құтқарушылардың тобына берді. Бірақ ер адамнан өмір сүру нышаны байқалмады. Ержан мен Дәурен жасанды тыныс алу түріндегі алғашқы көмек көрсеткеннен кейін өз-өзіне келіп, есін жия бастады. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді.

«1975 жылы туған ер адам өзен жағасында спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде шомылуға рұқсат етілмеген орында суға секіреді, қатты ағынға төтеп бере алмай, суға бата бастайды. Құтқарушылар Абылайхан Өмірбаевтың, Ержан Қабыловтың және Дәурен Қайыровтың жедел әрекет етуі арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді. Бұл сәтті аяқталған оқиғалардың бірі, алайда мұндай сәттерде бірер секундтың өзі бәрін шешеді. Кез келген кедергі  қайтымсыз зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Алдағы уақытта мұндай оқыс оқиғалар қайталанбайды деп үміттенеміз», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы кезекті рет еске салады.

«Қалтқы белгіден аспаңыз, мас күйде суға шомылмаңыз. Есіңізде болсын: судағы жазатайым оқиғалардың 80%-ы осы себептен болады, су айдындарының жанында балаларды қараусыз қалдырмаңыз, таныс емес жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз. Жүзуге арналмаған заттарды (автомобиль камералары, жұқа пенопласт, пластикалық бөтелкелер және т.б.) пайдалану кеңес етілмейді. Бейтаныс жерлерде жалғыз шомылуға болмайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109