7455

Елордада балабақшаға орын бөлу жүйесі 27 маусымда ашылады

Нұр-Сұлтанда балабақшаға орын  бөлу электрондық жүйесі 27 маусымда іске қосылады. Баланың туған жылын ескере отырып, ата-аналардың қандай күндері жолдама алатыны туралы қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Біз 27 маусымнан бастап балабақшаларға орын бөлу жүйесін кезең-кезеңмен ашуды жоспарлап отырмыз. 27 маусым - 2017 жылы туған балалар үшін, 1 шілде - 2016 жылғы балалар үшін, 4 шілде - 2015 жыл үшін, 9 шілде - 2013-2014 жылы туған балалар үшін беріледі. 25-26 маусымда біз жеке кабинеттерге қолжетімділікті ашамыз", - деп атап өтті Елорда әкімдігінде өткен брифингте Әнуар Жанғозин.

"10 маусымда біз балабақшаларға бөлу жүйесін іске қосқан кезде, қысқа уақыт ішінде DDos-шабуыл орын алған болатын. IP-адрестердің өте шектеулі саны болды, шамамен 20-30, олардан жүйеге 400-500 мың сұраныс жіберілді. Осыған орай, бұл мақсатты шабуыл болды деп айтуға болады. Біз жүйені осындай шабуылдардан қорғау үшін жұмыс істейміз.  Бастапқыда біз мұндай шабуылдар болуы мүмкін деп көздеген жоқпыз. Бұл жұмыс жабдық жоспарында жүйелі шараларды, деректер ағынын ұлғайтуды талап етеді. Мұндай шабуылдарды шектеу үшін қосымша ресурстар қажет. Осының барлығы уақыт алады", - деп түсіндірді қалалық Білім басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, ол ата-аналарға туындаған барлық мәселелерді балабақша өкілдерінен нақтылауды ұсынды.

Сонымен қатар, Ануар Жанғозин 10 маусымда қанша ата-ана жолдама алып үлгерген деген сұраққа жауап берді.

"Жүйе бірнеше сағат жұмыс істеді, жүктеме өте үлкен болған сәттер болды және олар өзгеріп отырды. Жүйеге аз жүктеме болған кезде, осы кезде кейбір ата-аналар жолдамалар ала алды. Бұл 116 адам, олардың барлығы кезекте тұр", - деді Білім басқармасының басшысы.

Балаларға орындар кестеге сәйкес бөлінеді:

2017 жыл - 27 маусым - тек кезектен тыс

2017 жыл - 28 маусым - барлық қалғандары

2016 жыл  -  1 шілде - тек кезектен тыс

2016 жыл - 2 шілде - барлық қалғандары

2015 жыл - 4 шілде - тек кезектен тыс

2015 жыл - 5 шілде - барлық қалғандары

2013 және 2014 жыл-9 шілде-тек кезектен тыс

2013 және 2014 жыл-10 шілде барлық қалғандары

"Орындар қатаң түрде осы кесте бойынша бөлінеді. 25-26 маусым - жеке кабинеттің ашылуы, жолдама берілмейді", - деп атап өтті Білім басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109