6397

Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аралады

Аралау кезінде әкім нысандардың құрылыс барысымен танысып, тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен әңгімелесті.

Әкім Ы. Дүкенұлы, А. Панфилов, Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы  құрылысы жүріп жатқан «Гарант» КТК нысанын аралап шықты.
Жалпы ауданы 17,602,80 шаршы метр болатын 330 пәтерге есептелген проблемалы нысанның құрылысы «Азбука жилья» компаниясының тобымен 2011 жылы басталған болатын. Құрылысты аяқтау үшін 2016 жылы нысан «Орда Инжиниринг» ЖШС-ға өткізілді. Үлескерлердің жалпы саны – 168 адам. Нысанды 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап тұрамын. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын" - дедi әкім.
Сондай-ақ, әкім Шұбар тұрғын алабының Қалқаман және Наркескен көшелерінің қиылысында орналасқан  «Комфорт de Luxe» ТК құрылыс алаңына барды. Жалпы ауданы 15 734,50 шаршы метр болатын 216 пәтерге арналған тұрғын үй кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған. Бұл нысан бойынша үлескерлердің жалпы саны – 227 адам. Құрылысты 2019 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109