6139

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.  Ол елордалық полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап,  ерекше көзге түскен қызметкерлерге борышын адал орындағаны үшін алғыс хаттар мен грамоталар табыстады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриот орталығында өткен іс-шараға қалалық полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары қатысты.

Полицейлерге арнаған сөзінде әкім тәртіп сақшыларының жұмысы нақты және жүйелі түрде ұйымдастырылуы тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтарының мүддесі мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Полиция ашық болуы керек, ол үшін қоғаммен диалог қажет. Осы мақсатта Елбасы бастаған құқық қорғау жүйесін жаңғырту жалғасатын болады. Оның басты міндеті – қазақстандықтардың құқығын қорғауды мүлтіксіз қамтамасыз ету», - деп атап өтті әкім.

Алтай Көлгінов сондай-ақ полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында бас қала тәуліктің кез-келген уақытында барынша қолайлы қалаға айналатынын атап өтті. Ол қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің есімдерін еске салды.

«Полиция қызметкерлерінің қатарында азаматтарымыздың өмірін қорғауда өз денсаулығы мен өмірін тәуекел ететін ержүрек, батыл адамдар қызмет етеді. Қызметтік міндетін атқару барысында көз жұмған тәртіп сақшыларының есімдері мәңгілік ел есінде. Олар: Жирентаев Жанайдар Аскарбайұлы, Крета Евгений Владимирович, Павлов Сергей Павлович, Дильманов Әбдіғаппар Туребайұлы, Қонаев Марғұлан Амангелдіұлы, Шоханов Самат Болысxанұлы, Торибаев Дәулетбек Ескалиугли, Юсупов Бауыржан Сәрсеналиұлы», - деді Алтай Көлгінов полиция қызметкерлеріне арнаған сөзінде.

Алтай Көлгінов қалалық полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне наградалар тапсырып, қызметтік борышын өтеудегі адалдығы мен жанкешті еңбектері үшін алғысын білдірді. Одан өзге, қызметкерлердің материалдық-теxникалық жағдайына көңіл бөлу қажетттін атап өтті. «Қыстың көзі қырауда қоғамдық тәртіпті бақылау оңай жұмыс емес. Бұл саладағы адам факторының алдын алып, полиция жұмысын жеңілдету үшін цифрландырудың қарқынын күшейту қажет. Оның барлығы қаладағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді», - деді әкім.

Айта кетейік, жылдың басынан бері полиция қызметкерлері 2000 қоғамдық-саяси және спорттық-мәдени іс-шаралардың қауіпсіздігін кірпік қақпай қамтамасыз етті. Жыл соңына дейін өтетін мерекелерде де тұрғындар қауіпсіздігі үшін жұмыс істейді. Полицейлердің қырағылығының арқасында Елордадағы қылмыс деңгейі 21%-ға дейін төмендеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109