4789

Елорданың шет аймақтарының проблемасын шешу - бірінші кезектегі міндет

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың тұрғын үй алаптарын аралады, онда проблемалы мәселелермен танысып, тұрғындармен әңгімелесті.

Әкім алдымен Есіл ауданының "Ильинка" тұрғын үй алабының проблемалы учаскелерін қарауға аттанды. Бүгінде мұнда 16 780 адам тұрады, жеке сектор үйлері 3 428-ден астам.

Ильинкада екі кәрізді сорғы станциясы жұмыс істемейтіндігі анықталды, бұл су жиналуының артуына және тұрғын алабындағы көшелерді су басуына ықпал етеді. №31 КСС наурыздан бері, ал №29 КСС былтырдан бері жұмыс істемейді.

Көктемде еріген су Ауған орамын басады, мұнда жол сапасы өте нашар, жарықтандыруда және инженерлік желілерде проблемалар бар. Ильинка тұрғындары сондай-ақ әкімге мектептің шамадан тыс жүктелуін, балабақшадағы су басу жайлы айтты. Осылайша, 1200 оқушыға арналған №69 мектеп-гимназияда 2800-ден астам оқушы үш ауысымда оқиды. Жүктелуді түсіру үшін Үркер тұрғын алабы ауданында тағы бір мектеп салу қажет. Тұрғындар алаптың жалғыз емханасындағы кадрлардың тұрақсыздығына да шағымданды. Медицина қызметкерлерінің көпшілігінің Ильинкада тұрғын үйі жоқ, ал қаладан келу алыс.

Алапта сондай-ақ заңсыз салынған жатақханалар мәселесі бар.

Сондай-ақ, аралау барысында әкім Байқоңыр ауданының «Өндіріс» тұрғын алабының проблемалық учаскелерімен танысты. Мұнда 45 255 адам тұрады. Жергілікті тұрғындардың шешілмеген мәселелері аз емес.

Осылайша, Кемеңгерұлы көшесіндегі бұзуға жатқызылған №21 апаттық үйдің 15 пәтерінің тұрғындары тек 2022 жылы қоныс аударуды күтуде. Бүгінде үйдің жағдайы қанағаттанарлықсыз және тұрғындар үшін қауіп тудыруы мүмкін. Мәселенің шешімі ретінде ескі ғимаратты бұзуды жеделдету және тұрғындарды көшіру үшін жаңа тұрғын үй құрылысына қаражат бөлу ұсынылады. Жыл сайын «Өндіріс» тұрғын алабының көшелері мен үйлерін еріген және жаңбыр суы басады. Алаптың көпшілік аумағында нөсерлі кәріз жүйесі жоқ, тазарту құрылыстарының жоқтығынан дренаж жүйесі жұмыс істемейді.

Сондай-ақ "Лесозавод" секторына негізгі келудің бірі болып табылатын Малахов көшесі қиып өтетін темiр жол өткелдерi алап тұрғындары үшін үлкен қолайсыздықтар тудырады. Пойыздардың әрбір 10-15 минут сайын өту трафигі мұнда машиналардың жиналуына ықпал етеді, олар кейде темiр жол өтпесi арқылы өту үшін сағаттап тұруға мәжбүр болады. Бұдан басқа, Герцен көшесінде орналасқан ең жақын аялдамаға жергілікті тұрғындар теміржол арқылы жүруге мәжбүр. Бұл мәселені шешу үшін мұнда жаяу жүргіншілер өткелін салу ұсынылады.

Тұрғын үй алабында қоғамдық көлік жетіспеушілігі де бар. Мұнда тек № 24 және № 104 (экспресс) екі автобус бағдары ғана жүреді, сол себепті автобустар үнемі шамадан тыс толады. Тұрғындар аялдамаларда 9 аялдама павильонының жоқтығына да шағымданады, бар 8 павильон жөндеуді қажет етеді.

Әкім 37 разъезд (нефтебаза ауданы) тұрғындарымен де кездесті. Бұл аймақта тұратындар жанындағы мұнай сақтайтын база мен басқа да өндіріс орындарынан экологиялық қауіп төніп тұрғанын алға тартты. Қауіпсіздік жағы да тұрғындарды сары уайымға салып отыр. Тұрғындар қаланың қауіпсіз жерінен баспана беруін сұрады. Әкім мәселенің шешу жолдары бірге қарастырылатынын болады.

Жергілікті тұрғындардың арыздарын тыңдап болған соң әкім елорданың шет аймақтарының проблемаларын шешу - бірінші кезектегі маңызды мәселе екендігін атап өтті. Тұрғын алқаптары тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша жоспар бар, оның іске асырылуы толыққанды жүргізіліп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109