29 және 30 маусым күндерi елорда тұрғындары мен қонақтары үшiн сол жағалауда тегін экскурсия ɵткiзiледi
Қала күнін мерекелеуге орай 29 және 30 маусым күндерi қала тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустарында қаланың көрікті тұстарының қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады.
Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.
Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақ бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:
+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (орыс тілінде);
- сағ. 12.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 14.45 (орыс тілінде);
- сағ. 17.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 19.30 (орыс тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.
«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 13.00 (орыс тілінде);
- сағ. 15.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 17.45 (орыс тілінде);
- сағ. 20.00 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz