839

Нұр-Сұлтанда грэпплингтен «Asia Open» халықаралық турнирі

27-28 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында грэпплингтен II Халықаралық «Asia Open» турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва, Украина, АҚШ және басқа да елдердің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Турнирдің ерекшелігі, жарысқа еш іріктеусіз кез келген адам қатыса алады. Өткен жылы «Asia Open» 500-ден астам спортшының басын қосты.

Сонымен қатар, осы күндері елордада грэпплингтен әлем кубогы өтеді. Әлем кубогына Қазақстаннан бөлек дүние жүзінің үздік құрамалары саналатын Ресей, АҚШ, Бразилия елдерінің танымал палуандары қатысады. Жарыс матчтық кездесу «құрамаға қарсы құрама» форматында өткізіледі.

Айта кетейік, грэпплинг – барлық күрес түрін қамтитын спорт түрі, яғни дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да спорт түрлері техникаларының жиынтығы болып саналады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109