2680

«Еңбек» бағдарламасы бойынша үй алу үшін құжаттар жинау басталды

Елорда әкімдігінің тұрғын үй қоры 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жалға берілетін баспана алуға құжаттар қабылдауды бастайды.

Бағдарлама жалға берілетін тұрғын үй ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда (Ковыльное с., Новоишимское с., Шөптікөл с., Пески с., Разгульное с.) үйлерді ұсынады. Баспаналардың жалпы ауданы 70-90 шаршы метрді құрайды. 5 жыл өткеннен кейін пәтерді жекешелендіруге болады, ал ай сайынғы жалдау ақысы – 7000-9000 теңге. Бұл ретте бағдарламаға қатысушылардың әрбір отбасы мүшесіне 88375 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйге кезекте тұру қажет, отбасында 3 және одан да көп бала болуы тиіс. Үміткерлердің мынадай мамандықтардың бірі болуы тиіс: механизатор, электрик, токарь, құрылысшы, мал дәрігері, малшы, камаз жүргізушісі, энергетик. 

Ал егер жоғарыда аталған мамандық болмаса, тегін оқу мүмкіндігі ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» ТК аялдамасы)

Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Байланыс телефонда: 8-775-408-63-83, 8-702-727-54-64.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109