2760

Нұр-Сұлтандағы ЯРКОкросс 20 шілдеде өтеді

Нұр-Сұлтанда 20 шілдеде жыл сайынғы жетінші ЯРКОкросс фестивалі өтеді. «Болжап білуге болмайтын джунгли» бағытындағы қайырымдылық жүгіру Астана Триатлон Паркінде өтеді. Биыл фестиваль тарихында алғаш рет мәре сызығына жеткендерге медальдар табысталады, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

ЯРКОкросс фестивалін Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен «Посади Дерево» қоры ұйымдастырады. 

Мәреге жету үшін қатысушылар «Джунглидің» 5 шақырымын жүгіріп өтуі керек. Дәстүрлі түрде желаяқтар старттан финишке дейін жарқын және экологиялық қауіпсіз бояулар шашады. ЯРКОкросста таймерлер жоқ, сондықтан қатысушылар қандай екпінде жүгіру керектігін өздері таңдайды. 

Жүгіру 10:00-де басталады. Фестиваль аясында түрлі сыйлықтары бар футбол дартс пен арт-зона ұйымдастырылады.

Қатысу құны 18 шілдеге дейін балаларға 3500 теңге, ересектерге 5000 теңге. Үлкендерге арналған билетке қатысушылар футболка, рюкзак, старттық нөмір мен медаль алады. Тіркеу 18 шілде күні сағат 23:59-да жабылады. Ал 19-20 шілде күндері тіркеусіз 4500 бала және 6000 ересектер үшін. Бұл жағдайда стартқа қажет жиынтықты Яркокросс инфо-орталығында алуға болады. Балалар жиынтығына футболка кірмейді, бірақ оны сатып алуға болады. Үш жасқа дейінгі балалар тегін қатысады.

Тіркелген қатысушылар үшін жиынтық Астана Триатлон паркінде 19 шілде күні сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін беріледі.   

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қаражат ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын орнатуға бағытталады. Жобаның командасы мен волонтерлері ел бойынша 1150 ағаш отырғызды. Өткен жылы түскен қаражатқа «Аутизмді жеңеміз» қауымдастығы үшін баскетбол және волейбол алаңдары салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109