2651

Елордалық полицейлер қызды тонаған күдіктіні ұстады

Әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды тонаған күдіктіні елордалық полицейлер жедел ұстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Елордалық ТЖД қызметкерлері қалалық ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қаскүнем әлеуметтік желі арқылы танысып, оны қонаққа шақырған. Әңгіме барысында жанжал пайда болып, одан кейін жігіт күш қолданып, қыздың жеке заттарын алып кеткен. Жәбірленушінің сипаттауымен ЖБО инспекторы күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы ізіне түсіп, полицей патрульді сол жаққа бағыттады. 

Айғақты заттар (ақша, ұялы телефон) тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, күдіктінің бұған дейін қала аумағында жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері елордада бейнебақылау камераларының көмегімен 600-ге жуық қылмыс (қарақшылық, тонау, ұрлық, автокөлікті айдап әкету және т.б.), сондай-ақ 23 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық, соның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109