1600

«Есіл» ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің ресми сайты.

«Есіл» ауданының әкімі қызметіне Берік Жакеновтің кандидатурасы ұсынылды. Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Жакенов Берік Оралұлы 1978 жылғы 25 тамызда Целиноград қаласында  дүниеге келген. «Экономист» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін аяқтаған, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті  басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола обл., Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарынан бастаған.  2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 83205 ә/б  қызмет еткен.  Астана қаласы бойынша Салық комитетінің ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің маманы, Қазақстан Республикасының салықтық органдарында үлкен қызмет өтілі бар. 2007-2009жж. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды. 2009 жылы Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2010 жылы Астана қ. «Нұр Отан» ХДП хатшылығының меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде қызмет етіп, кейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарырарқа» ауданы бойынша Салық басқармасын басқарды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды. 2016 жылғы қазаннан бастап осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109