1759

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жұмысшылардың митингке шыққанын жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Әбу Даби плаза» нысанының жұмысшылары митингке шықты деген ақпаратты жоққа шығарды.

2019 жылғы 3 шілдеде сағат 10:00-де салынып жатқан «Әбу Даби плаза» нысанының аумағында еңбек жағдайлары, сондай-ақ жалақыны арттыру туралы талаптарын білдіру мақсатында қосалқы мердігерлік жұмысшылар жиналды.

Жиналғандармен қаланың мемлекеттік бас еңбек инспекторы Е. Ысмағұлов пен Есіл ауданының прокуроры Д. Катаев кездесті. Олар жұмысшыларға компанияның кеңсесіне барып, мәселені әкімдік басшылығының қатысуымен талқылауды ұсынды.

Сағат 10:40-та олар жұмыс орындарына тарады. Бастамашы топ қала басшылығымен кездесті. Құрылыс компаниясының кеңсесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нүркенов қосалқы мердігерлік ұйымдардың басшыларымен, жұмысшылардың бастамашыл тобымен, сондай-ақ Әбу Даби плаза Арабтек консолидейтед контракторс лимитед жобасының жетекшісі Джон Кэмпбеллмен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Арабтек басшылығына тамақтануды ұйымдастыру мәселесін шешу, намаз оқуға жағдай жасау, инфляция жағдайында жұмысшылардың жалақысын арттыру ісі тапсырылды.

Кездесу сенімді атмосферада өтті және қоғамдық тәртіп бұзу тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта құрылысшылар жұмысты штаттық режімде жалғастырып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109