Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтетін Азия чемпионатына 300 спортшы қатысады
Шілденің 4 күні астаналық «Дәулет» СК-де кадеттер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионаты басталады. Континентальдық чемпионат Бірыңғай күрес әлемі ережелеріне сәйкес өткізіледі және 7 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Азияның күшті грек-рим палуандары мен еркін күресшілер, сондай-ақ қыздар ең жоғары сынақ үшін күресетін болады. Чемпионатқа Азия құрлығының 19 елінен 300-ден астам спортшы қатысады. Аталған сайыста Қазақстанның намысын 30 жас спортшы қорғайды.
Жарыс күн сайын сағат 09:00-ден басталады. Кіру тегін.
Айта кетейік, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында елорда төрінде күрес әлемінің ең басты спорттық іс-шарасы – 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz