1680

Арыс қаласының балалары кәсіби боксшылармен кездесті

6 шілдеде «Барыс-Аренада» өтетін үлкен бокс кешіне қатысушылар «Хан Шатыр» СОО-да ашық жаттығу өткізді, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Ашық жаттығуға қазақстандық Жаңқош Тұраров (23-0, 16КО), Виктор Коточигов (9-0, 4КО), аргентиналық Мауро Годой (31-4-1, 16КО), француз Нордин Оубали (15-0, 11КО), Артур Вильянуэва (32-3-1, 18КО), мексикалық Хайро Лопес (24-10, 16КО) қатысты.

Іс-шараға қатысқан қонақтың басым бөлігі елордаға Арыс қаласынан жазғы демалысқа келген балалар болды. Олар үшін спортшылар автограф-сессия өткізіп, естелік суретке түсті. 

Айта кетейік, 6 шілде күні кәсіби-бокс кешінің басты оқиғасы WBO Inter-Continental чемпионы белбеуі, жеңіл салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы, WBC International чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтеді.

Сонымен қатар, кеш бағдарламасында қазақстандық ең үздік таланттар – Сұлтан Заурбек, Әли Балоев, Әбілқайыр Шеғалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш бар.

Алдағы бокс кешін әлемнің 60 елінде тікелей эфирде көрсетеді. Құрметті қонақтар ретінде турнирге Боб Арум, Билли Джо Сондерс және әлемдік бокстың басқа да жұлдыздары қатысады. Қазақстанда турнирдің тікелей көрсетілімін QazSport телеарнасы ұйымдастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109