2392

Еуразия астаналарының қаламгерлері халықаралық форумы басталды

Бүгін Ұлттық музейде елорда әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының астаналық филиалы және «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала күніне орай «Еуразия астаналарының қаламгерлері» атты халықаралық форум басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бұл маңызды шараға 20 мемлекеттен танымал ақын-жазушылар келді. Олардың арасында Испания, Үндістан, Египет, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей секілді елдердің көркем әдебиетін жаңа белеске көтеріп жүрген айтулы сөз зергерлері бар.

«Бүгінде бас қаламыз әлемдік экономика, дін, саясат, мәдениет және ғылым өкілдері бас қосып, маңызды шешімдер қабылдайтын орынға айналды. Бүгінгі іс-шараның өтуі – соның айғағы. Сәулеті мен дәулеті келіскен елордамыздың рухани қалыптасуына зиялы қауым өкілдері айтарлықтай үлесін қосуда. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Әдебиет – ардың ісі» деген екен. Әдебиет саласының өркендеуі, оқырмандар қызығып оқитын көркем еңбектердің жазылуы – біз үшін аса қажет дүние. Бүгінгі форумда әлемдік әдебиеттің жай-күйі, тілдік мәселелер мен қаламгерлерге өзек болып жүрген дүниелер ой талқысына түседі деп сенемін», - деді форумның ашылуында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ жиын барысында Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Тарази, Президент кеңесшісі Мақсат Сқақов және Испания ПЕН-клубының бас хатшысы Хусто Хорке Падрон сөз алып, форумға қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109