3409

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі үздік КТА командасын марапаттады

Елорда күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда қазақстандық Көңілділер және тапқырлар алаңының Жазғы фестивалі өтті.

Әзілкештер Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда өнер көрсетті. Шараға шаһар басшысы Алтай Көлгінов те келді. Бас қаланың әкімі «Нұр-Сұлтан қаласының кубогын» және 1 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықты фестивальде жеңімпаз атанған Арыс қаласының командасына табыстады.

«Мұндай айтулы шараларды Жастар жылында өткізу өте маңызды. Қиындықтарға қарамастан Арыс қаласының командасы КТА фестиваліне келіп, өз қаласының намысын қорғады. Біз сіздерді мақтан етеміз!», - деді елорда басшысы Алтай Көлгінов.

Шара барысында 10 команда көрермендер алдында өнер көрсетті. Атап айтқанда, Алматы және Ақтөбе қалаларының құрамалары, сондай-ақ, Қарағанды, Алматы, Түркістан (Арыс қ.), Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының командалары қатысты. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының құрама командасы көрермендер үшін тосын сый болды. Оған Ерке Есмахан, Әбдіжаппар Әлқожа, Жасұлан Базарбаев, «Әзіл әлемі» театрының актері Қанат Әлжапбаров пен «Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков енген.

Танымал қоғам қайраткерлері, артистер мен журналистер әзілкештердің өнерін бағалады. КТА фестивалінің қазылар алқасының құрамына елорданың Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Маржан Арапбаева және жүргізуші Нартай Аралбайұлы кірді.

КТА – ойын-сауық думанының жаңа форматы және қазақстандық жастар өз таланттарын паш ете алатын бірегей алаң. Жоба авторы және жүргізушісі – белгілі отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов. «Көңілді тапқырлар алаңы» 4 жылдан бері өз көрермендеріне күлкі сыйлап келеді, оның қанатының астында еліміздің үздік жастар КВН командалары өнер көрсетеді. Қазақстандық ойы жүйрік КТА-ға қатысушылар күнделікті өмірден алған өз қалжыңдарымен көпшілікті тәнті етеді.

Еске салайық, «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл-сықақ жобасының ақтық кезеңі желтоқсан айында елорданың ең үлкен залдарының бірі – «Барыс Арена» мұз сарайында өткен болатын. Оны тамашалауға келген қонақтар саны рекордты көрсеткішке жетті. Ойынды тамашалауға 9 мың адам жиналған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109