3527

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» өнер фестивалі шетелден талантты қазақстандықтарды жинайды

Астаналық «Жетісу» саябағында 6 шілде күні Open Air форматында «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтеді. Оған шетелде тұратын қазақстандықтар қатысады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шара елорда күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль дарынды жастарды анықтау және оларды Қазақстанға тарту мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, іс-шара халық шығармашылығының өзіндік жанрларын, музыкалық және қолданбалы өнердің бірегей үлгілерін сақтауға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымыздың шығармашылық және білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған.

Фестиваль аясында төрт номинация бойынша конкурс ұйымдастырылады: мүшәйра, терме, халықтық-қолданбалы өнер және соло вокал.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға олардың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға, сондай-ақ қазақстандық университеттер мен өнер колледждерінде кәсіби білім алуға бірегей мүмкіндіктер береді.

Фестивальдің мерекелік бағдарламасында қатысушыларды марапаттау, лауреаттар мен жеңімпаздардың, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт йымдастырылады. Сахнада қатысушылардың орындауында қазақтың үздік музыкалық композициялары орындалады. Саябақ аумағында 10 киіз үйден тұратын этноауыл, келушілердің қолөнер шеберлерінің жұмыс істеу барысымен таныса алатын, ұлттық қолөнер сабақтарына қатыса алатын, этно-өнімдерді сатуға арналған көрме-жәрмеңке шығыс базары орын алады және суретке түсу аймағы да ұйымдастырылады.

Фестивальдің ашылуы 6 шілде күні таңғы сағат 10:00-де өтеді, ал сағат 20:00-де жеңімпаздарды марапаттау салтанаты ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109