2591

«Азия» тобы елорда туралы үздік ән шығарды

Астаналық амфитеатрдың сахнасында қала әкімінің кубогы үшін караокеден чемпионат өтті. Іс-шара барысында елорда туралы үздік ән байқауының жеңімпазы анықталды, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласына арналған үздік ән байқауының жеңімпазы «Азия» тобы болды.

Байқау елордалық әкімдіктің бастамасымен Жастар жылы аясында өтті. 

Келіп түскен 36 өтінімнің 31-і қатысты.

Жеңімпаз сертификатын және 3 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты «Азия» тобына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов табыс етті.

«Жоба қала күнін мерекелеу аясында жүзеге асырылып жатқаны кездейсоқ емес, өйткені бүгінде елорда тек елдің инновациялық, экономикалық, әлеуметтік дамуының ғана емес, Еуразияның мәдени орталығы болып саналады. Бүгінгі осындай тамаша және мереке күні біз «Елорда туралы үздік ән» атты ауқымды байқаудың жеңімпаздарын марапаттаймыз», деп Ерлан Каналимов қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109