5236

Елорда күніне орай қала тұрғындарына 100 тұрғын үй сертификаты тапсырылды

Елорда күнін мерекелеу қарсаңында мұғалімдерге, медицина қызметкерлері мен полицейлерге 1 млн теңгеге 100 тұрғын үй сертификаты тапсырылды, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Астаналықтарға сертификаттарды қала әкімі Алтай Көлгінов тапсырды. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде айтылған «әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» атты бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында әзірленген «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыруға елорда белсенді араласқанын айтып өтті.

Сертификаттар елордада сұранысқа ие сала мамандарына, яғни мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және полицейлерге берілді.

Бүгінде қалада 17 мың мұғалім бар, олар балабақшалардың 55 мың тәрбиеленушісі мен 162 мың оқушысына білім береді. 

Сонымен қатар, елордада 20 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 8 мыңы – дәрігер, 12 мыңы – орта медицина қызметкері. 

Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіпті күн сайын 8 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді.

Аталған сала мамандары қала тұрғындарына көмек көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің қорғалуын, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және білім ұрпақты тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

Алтай Көлгінов биыл 1500 тұрғын үй сертификатын, оның 500-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, 1000-ы көпбалалы отбасыларға табыс етілетінін мәлім етті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109