5175

Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күніне мыңға жуық адам қатысты

Бүгін, 7 шіледе, Нұр-Сұлтанда Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Биыл «Қазақ Елі» монументінің жанындағы алаңға халық күйлерін орындау үшін мыңға жуық адам жиналды. Шараға қатымушылардың жасы бойынша шектеу қойылмады. Сахна төрінде «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбыраун» және «Көреғұлы» күйлері орындалды.

Ұлттық Домбыра күніне арналған концертке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«Құрметті отандастар! Ең алдымен, Сіздерді Ұлы мереке – Ұлттық Домбыра күнімен құттықтаймын! Бұл ұлттық құндылығымызды дәріптейтін мереке. Тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерін жоғалтқан халықтар бар екені баршамызға аян. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің тарихымыз қайта жанданып келеді», -  деді Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы концертте.

«Бүгінде қасиетті домбыра батырларға рух берген, ақындарға шабыт сыйлаған басты құндылығымызға айналуға тиіс», - деді Президент.

Бүгінгі шараға Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Айгүл Қосанова, Клара Төленбаева және басқа да мәдениет қайраткерлері атсатысты. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Айтқали Жайымов, Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов және т.б. импровизациялық оркестрге дирижерлік етті.

Концерттік бағдарлама аясында жиналған қауым күй тыңдап қана қоймай, елордалық музыка мектептерінің шәкірттерінің өнерін, «Жастар» театрының тарихи қойылымын тамашалады, сондай-ақ ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұдан басқа, «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда тігілген киіз үйлерде этнографиялық музей ашылды. Танымал күйшілердің домбыраларының экспозициясы, ҚР танымал ұлттық музыка аспаптарын дайындайтын шеберлердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, жартылай киіз үйлерде ұлттық аспаптармен және оларды жасау технологияларымен танысу мүмкіндігі жасалды.

Айта кетейік, Домбыра күні мерекесі бүгін кешке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда «Нағыз қазақ – домбыра» концертімен жалғасады. Көрермендер Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінің, солистерінің және вокалистерінің өнерін тамашалайтын болады. Концерттің басталуы сағат 17:00, кіру – тегін.

Ұлттық домбыра күні елордамызда осымен екінші мәрте аталып өтілді. Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті Нұрслұтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген болатын. Мұндай мерекенің күнтізбеден орын алуы барша қазақ халқы үшін елеулі әрі тарихи оқиға.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109