4944

Ұлттық домбыра күні туылған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде екінші рет аталып отырған Ұлттық Домбыра күніне орай «Ұлттың саз байрағы – Домбыра» акциясын өткізді.

Бүгін Домбыра күнінде дүниеге келген нәрестелерге ұлттық аспап тарту етілді.
Мұндай акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрге айналдырды.
Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға елордалық ассамблея мүшелері мен Аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктер ат салысты. Олар Елордадағы перзентханаларды аралап ана мен баланы құттықтап, сый құрмет жасады. Ақ тілектерін арнап, сәбилерге қазақтың атын әлемге танытатын талант иесі болсын деп тілек айтты. Оларға арнап күй орындады.
Әйгерім Тілеуова, батыр ана:
- Отбасымызға үлкен қуаныш. Бүгін сегізінші баламыз дүниеге келіп жатыр. Домбыра күніне орай туып жатыр. Сіздерге рахмет айтам өстеп келіп құттықтап жатқандарыңызға. Енді болашақта қызымыз үлкен домбырашы болсын.
Ләззат Құсайынова, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
- Жыл сайын қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен перзентханаларға барып, бүгінгі күні алғашқы туған перзенттерге домбыра ұсынамыз. Болашақта бұл балалар еліміздің нағыз азаматтары болып өссін деп. Домбыраға ие болған балалардың өмірлерін зерттеп, болашақта өзіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясына қосамыз деген ойдамыз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан еліміздегі бұл акция төл мәдениет пен салт-дәстүрлерімізді одан әрі дамытуға өз септігін тигізе бермек. Әрі «Қазақтану» жобасын танытуға әсері мол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109