2918

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында мемлекеттік бағдарлама әзірленетін болады

Бүгін Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен бірге тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешеніне барды.

Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында айқындалған және қалдықтарды жеке жинауды енгізуге, қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы қайта өңдеу өнімдерін өндіруге бағытталған.

Қазақстанның астанасындағы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша зауыт - қайталама шикізатты қалпына келтіру арқылы қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын, сондай-ақ сұрыпталған пластмассаларды өңдеуге арналған өндірістік нысандары бар қаланың жалғыз кәсіпорны. Елордада 65 қоқыс шығаратын компаниядан кешенге күн сайын 950 тонна ҚТҚ түседі.

Қазақстанда өткізілетін іс-шаралар қатты қалдықтарды қайта өндеу үлесін 2018 жылы 11,51% -ға дейін арттыруға мүмкіндік берді, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 9%, 2016 жылы - 2,6% болатын. Бүгінгі таңда республика бойынша 204 қалалар мен аудандардан әртүрлі кезеңдерде бөлек жинау 51, ал сұрыптау - 30 елді мекенде енгізілген. Сонымен қатар, қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау ірі қалалар мен қоса өңірлерде де жүзеге асырылуда. Сұрыптау кешендерінде мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, қатты қалдықтарды өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту қажет. Осыған байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы проблемаларды жан-жақты шешу және осы салада бірыңғай көзқарас қалыптастыру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды табысты жүзеге асыруда халықтың экологиялық санасы мен мәдениеті маңызды рөл атқарады.

Сондықтан, экологиялық білімді арттыру мақсатында республикалық және жергілікті деңгейді ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109