3368

Елордада масамен күрес жұмыстары жалғасуда

Мереке күндері қала қызметі маса-шіркейлерді екі есе қарқынды күшпен улау жұмыстарын жүргізді. Әсіресе қала тұрғындары мен қонақтарының ең жиі баратын жерлеріне ерекше назар аударылды.

Елорда күнінде кешкі серуенге шыққан астаналықтар мен шаһар қонақтары маса-шіркейдің кесірінен әлекке түсті. Халық әкімдік пен тиісті қызметтерге шағымданды. Алайда қаладағы қансорғыш жәндіктерді жою жұмысы бір күнге де тоқтаған емес. Қанатты қансорғыштардың шектен тыс көбейіп кетуіне ауа райы әсер еткен болатын.
Әр аудан бойынша 6-8 шілде аралығында дезинсекциялық іс-шаралар өткізілді. Есіл ауданы бойынша «Жетісу» және «Столичный» саябақтары, Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатр, Астаналық цирк, «Астана» концерт залы, «Хан-шатыр» СОО аумағы, «Үркер» тұрғын алабының №2 секторы учаскесі, «Үркер» тұрғын алабының №2 учаскесі, «Барыс-Арена» спорт кешені, «Астана Опера», «Астана Балет», ЭКСПО кешенінің жазғы сахнасы, «Happylon MEGA Silk way» және «Happуlon Keruen» орындарында масадан тазарту шаралары жүргізілді. Оған 2 энтомолог, 26 дезинфектор, 3 термогенератор бригадасы, 3 автокөлік,1 микроавтобус, 1 ДУ-1000 техникасы жұмылдырылды.
Алматы ауданы бойынша Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң және сол жағы тазаланды. Оған 3 бригада, 3 автокөлік, 3 биолог қатысты, олар тиісті жұмысты термогенераторлар, жел генераторы және роторлық бүріккіштер арқылы жүргізетін болады.
Сарыарқа ауданы бойынша «Көктал-1» тұрғын алабының аумағы өңделді. Маса-шіркейге қарсы жұмысқа 2 термогенератор бригадасы, 3 автокөлік, 1 энтомолог және 1 ДУ-1000 техникасы жұмылдырылды.
Маса-шіркейге қарсы жұмыс ауа райы жағдайына сәйкес кез келген күні жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109