4010

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен Мәкен Бақтияр Мәкенұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол әлеуметтік қорғау, ішкі, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Мәкен Бахтияр Мәкенұлы Алматы қаласында туған, 38 жаста.

Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген, сарапшы-аудитор. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Монтана-Миссула университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі (МРА).

2000-2009 жылдары жастар ұйымдарының басшылығында қызмет етті.

2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.

2010-2012 жылдары - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.

2012-2013 жылдары - Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы.

2013-2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109