2873

Елордада масалар мен шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда

Елордада дезинсекциялық жұмыстарға 123 адам тартылды. Қала көшелерін, су айдындарын, кварталдарын өңдеуге олар түнгі уақытта шығады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Қала аумағын өңдеу 4 аудандық әкімдіктің күшімен жүргізілуде. Жұмыстар сәуір айынан қыркүйек айының соңына дейін жүргізіліп, 6 кезеңді қамтиды. Қазіргі уақытта 3-ші кезең аяқталуда, ашық станциялар мен су қоймаларын өңдеудің келесі кезеңі шілденің 20-да басталады. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, елордада масалар санының күрт өсуі жаңбырлы ауа райымен байланысты.

«Масалардың пайда болуы мен даму мерзімі 7 күн, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты, жаңбырдан кейін ыстық ауа райы орнаған кезде пісу кезеңі 2 күнге дейін қысқарды», - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, елордада жағдай алдағы бірнеше күнде тұрақтанады. Масалар мен шіркейлерге және кенелерге қарсы өңдеу кезінде қолданылатын препараттар сертификатталған және сынақтан және мемлекеттік сараптамадан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл ретте олар адамдарда аллергиялық реакциялар туғызбайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109