2807

Үлескерлік құрылыс нысандары барлық құзырлы тараптардың қатысуымен шешілетін болады

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлік құрылыстың проблемалық нысандарын аралап, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, үлескерлермен әңгімелесті, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Әкім Е49 көшесі, № 4 учаске бойынша орналасқан «Алтын Шар WEST» көп пәтерлі тұрғын үй кешені үлескерлерінің мәселелерін тыңдады. Оның 774 – і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, қалған 714 – і келісім-шарт бойынша.

Бүгінгі күні мұнда бірінші корпустың пәтерлерін тазалау жұмыстары жалғасуда,екінші корпустың шатырын орнату, үшінші корпустың іргетас плиталарын гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын аяқтауды және заңды иелеріне пәтер беруді созатын негізгі проблема-тұрғын үй кешені орналасқан жер Банктің кепілінде тұр. Қазір оны қайтару бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Алтай Көлгінов сондай-ақ Е22 көшесіндегі № Е51 және Е49 көшелерінің аралығындағы «Семейный» ТК құрылысының орнында болды. Оған 190 үлескер өз қаражатын салды, барлық пәтерлер бұрыннан сатылды.

Қазір құрылыс нысанының жалпы дайындығы 90% құрайды. Үй салу барысында құрылыс сапасына қатысты бұзушылықтар анықталды, абаттандыру, кірме жолдар, жолдар және т. б. мәселелер шешілмеген. 

Болашақ үй тұрғындарының басты мәселесі құрылыс нысандарын тапсыру мерзімдерінің сақталмауы бірнеше рет орын алған. Жұмыстар баяу қарқынмен жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала әкімі тұрғын үй құрылысының мерзімдерін сақтау, сондай-ақ үлескерлер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін әкімдік барлық қажетті шараларды қолданатынын атап өтті.

«Барлығы тек әкімдікке ғана емес. Қазір бір үстелге барлық тараптарды жинап, іс - қимыл жоспарын бекіту қажет», - деп түйіндеді Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109