3809

Беларусь дәрігерлері елордалық медициналық мекемелердің жұмыс тәжірибесін үйренуде

Нұр-Сұлтанға оқу сапарымен Беларусь елінен делегация келді. Беларусь мамандарының сапарының мақсаты - Қазақстанда медициналық көмектің сапасын жақсарту мен қамтамасыз ету жүйесінің ұйымдастырылуымен танысу, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Шетелдік делегацияны Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Пиневич басқарып келді.  Қонақтар «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, оларға шұғыл және травматологиялық көмек көрсету қабылдау бөлімшесінің қалай жұмыс істейтінін, «портал» арқылы жоспарлы қабылдау бөлмесі пациенттерін емдеуге жатқызу қалай жүргізілетінін сонымен қатар, пациенттерді триаж жүйесі бойынша бөлу, білезіктерді QR-код бойынша сәйкестендіру туралы айтып өтті.   

Аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуов белоруссиялық әріптестеріне ұйымдағы бар жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды көрсетті. Мәселен, мұнда сәулелік және функционалдық диагностика, эндоскопия, ОАРИТ және ГБО жабдықтары жұмысқа енгізілді.

Сонымен қатар, қонақтарға медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін қаржыландыру және кадрлық қамтамасыз ету принциптеріне көңіл аударды. Сондай-ақ, Беларусь делегациясының өкілдері отандық денсаулық сақтау жүйесіне сандық технологияларды енгізу мәселесін, атап айтқанда, пациенттердің медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша мобильді қосымшалары қызықтырды.

Делегаттар астаналық стационардың жұмыс тәжірибесін қабылдап, оны өз елдерінде енгізуге ниетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109