2161

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭС-2-де болып, алдағы уақытта Астананы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды.

Сараптама әлі өткен жоқ. Қазіргі уақытта конкурс бойынша сот даулары жүріп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге дейін конкурстар жарияланған жоқ. Бұл жауапты құрылымдар арасындағы келісілмеген іс-әрекеттерге байланысты. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр.

Жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, «Астана-Энергия» АҚ балансына «ЖЭС-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру» жобасы аясында салынған жабдықтарды беру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Астаналық ЖЭС – ты газдандыру мәселесіне қатысты, жобаның 1-кезегін іске асыру 2019-2021 ж.ж. жоспарланған 633,67 млн. м3 көлемінде газ тұтынумен немесе қаланың жалпы газ тұтынуынан (658,15 млн. м3) 96% есептелген. Айта кету керек, жылу беру маусымында барлық қазандықтардың жұмыс істеуіне байланысты жабдықтар монтаждалмайтын болады.

Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту мақсатында қазандық агрегаттарында NID технологияларды енгізу бойынша жұмысты бақылауға алу тапсырылды.

«ЖЭС-1 және ЖЭО-2-елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандар. «Астана-Энергия» АҚ басшылығы барлық келісілмеген мәселелерді шұғыл түрде шешуі қажет. Біз жылу электр орталығын газ қабылдауға дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс», - деді әкім.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109