1709

Елордада Арыс қаласының балалары жазғы демалысты қалай өткізді

Арыс қаласынан Елордаға жазғы демалысқа келген екі жүзге жуық бала үйлеріне оралды. Олар үшін экскурсия, концерттерге бару, шоу және танымал адамдармен кездесу ұйымдастырылды, деп қалалық әкімдіктің сайты хабарлайды.

Арыс қаласының балалары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында және гуманитарлық колледжде орналастырылды.

Елордада өткен уақыт ішінде балалар оқушылар сарайы, Нұр-Әлем, Тұңғыш Президент мұражайы, Сәкен Сейфуллин мұражайы, "Астана-Бәйтерек" монументі, "Атамекен" Этно-мемориалдық кешені, "Алау" мұз айдыны, "Дәулет" спорт кешені, Назарбаев орталығы сияқты көрікті жерлерге барды.

Жас қонақтар үшін ашық есік күнін "Арман 3D" киноорталығы өткізді. Балалар сондай-ақ "KANGO" батуттық паркінде, қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының ойын-сауық парктерінде болды. Сонымен қатар, олар үшін Red Bas екі қабатты автобусымен Нұр-Сұлтан қаласында экскурсия ұйымдастырылып, Есіл өзеніндегі теплоходпен серуендеуді, Астаналық циркке және "Енотия" хайуанаттар бағына баруды ұйымдастырды.

Балалар "Jekpe jek" жекпе-жек сарайының ашылуына қатысып,                     " Голос.Дети " шоуының жеңімпазы Максим Ержанмен кездесті.

Балалардың елордаға сапары барысында конкурстар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сапар қорытындысына сәйкес жасөспірімдердің ең белсенділері естелік дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, "Арыс, біз біргеміз" акциясы аясында елордалық кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар балаларға спорттық, жазғы киім, аяқ киім, оқу құралдары бар портфельдер сыйлады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109