1849

IRONMAN 70.3 ASTANA кезінде елордада автокөліктер қозғалысын ішінара шектейді.

2019 жылы 14 шілдеде екінші рет Нұр-Сұлтанда триатлоннан - BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA өтеді. Жарыстарды өткізу кезінде елордада автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. 

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін - Б. Момышұлы даңғылынан бастап Тоқпанов көшесі бойымен Сарайшық көшесіне дейін жолдың 2 жолағы.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Сарайшық көшесі бойымен Б. Момышұлы даңғылынан бастап Марал көпіріне дейін жолдың 2 жолағы.

Сағат 03:00-ден 16:00-ге дейін - Марал көпірі Шарль де Голль көшесі бойымен жолдың 2 жолағы екі жаққа.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін – Мақатаев көшесі бойымен Марал көпірінен бастап Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін – толықтай жабу.

Сағат 03:00-ден 13:00-ге дейін –Анырақай көшесі бойымен Керей мен Жәнібек хандар көшесінен бастап Оңтүстік айналма жолға дейін - толықтай жабу.

Дәл сол уақытта – Оңтүстік айналма жолы бойымен Нұр-Сұлтан – Қарағанды тасжолынан бастап әуежайға дейін жолдың 2 жолағы, тасжолың ішкі бөлігі шектелетін болады.

Осыған байланысты автокөлік иелерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауларын сұраймыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109