3490

Елорда әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды

Астана әкімдігінің аппараттық кеңесінде Алтай Көлгінов жаңа кадрлық өзгерістер туралы айтты.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Турлубек қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, елорда әкімі Данияр Есинді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Бұдан бұрын ол Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының басшысы болды.

Алтай Көлгінов А. Турлубек пен Д. Есинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, елорданы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті. 

Қала әкімінің өкімімен Нұр-сұлтан Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол үлескерлер салынып бітпеген МЖК, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қарды жинау мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ оның қарауында коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болады.

Алтынбек Қайсағалиев Еуразия ұлттық университетін бітірген.                    Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "құрылысшы" мамандығы бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша.  "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Бат университетінің Менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі (Ұлыбритания).

Еңбек жолы:

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы,

- "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі»,

- Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы,

- Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, қала өнеркәсібі мәселелерімен айналысқан.

- Орал қаласы әкімінің орынбасары. ТКШ, абаттандыру, сәулет және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік еткен.

- Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109