3074

"Нұр-Сұлтан" мен "Удмуртия" өзара ынтымақтастықтың Жол картасын жасайды

Астана әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен Удмурт республикасының басшысы Александр Бречаловпен кездесті. Тараптар кәсіпкерлік, экономика, мәдениет және спорт саласындағы бірқатар жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Удмурт Респбуликасының басшысы мен делегациясын құттықтай отырып, Бахтияр Мәкен Ресей мен Қазақстан арасында барлық деңгейде сенімді қарым-қатынас орнағанын, өңіраралық ынтымақтастық да белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

"Бізді Ресеймен сан ғасырлық бауырлас қатынастар байланыстырады, олар жыл сайын нығайып келеді.  Біз Ресей өңірлерімен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға үлкен мән береміз. Өз тарапымыздан серіктестік қарым - қатынасымыздың сізбен бірге қол жеткізген жетістіктерін жақсартуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз", - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Ол сондай-ақ, Нұр-Сұлтан әкімшілігі Удмурт Республикасымен іскерлік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жаңа идеялар мен жобалар үшін ашық екенін атап өтті.

Өз кезегінде Удмуртия басшысы Нұр-Сұлтан әкімшілігіне қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, ол астаналық әкімдік өкілдерін 18-19 қыркүйекте Удмуртияда өтетін М. Т. Калашниковтың туғанына 100 жыл толуына арналған қару-жарақшылар форумына қатысуға шақырды.

"Қазақстан мен Нұр-Сұлтан кәсіпорындары үшін қорғаныс саласының кәсіпорындарымен қарым-қатынас жасау қызықты болады, оның үстіне форумның тақырыбы әскери емес, азаматтық және қосарлы мақсаттағы өнім болмақ. Бізде көптеген ортақ дүниелер бар, сіздердің форумдар, конференциялық алаңдарыңыз қызықты екеніне сенімдімін", - деп толықтырды Удмурт республикасының басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нақты жобалардың Жол картасын жасауға келісті, оның аясында Удмуртия және Нұр-Сұлтан кәсіпорындары өзара іс-қимыл жасайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109