3781

"Astana" ӘКК iQala-да ашық есік күнін өткізеді

17 шілдеде "Astana" ӘКК " АҚ елорда тұрғындары мен қонақтарын iQala қалалық қызмет көрсету орталығына Ашық есік күніне шақырады, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.

Орталықтың есігі келушілер үшін таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін ашық болады. Осы уақыт ішінде кез келген ниет білдіруші iQala Қалалық қызметтер орталығында көрсетілетін қызметтер, "Astana "ӘКК" АҚ бағдарламалары мен жобалары бойынша "1000 орын. Көше саудасы". Сондай-ақ инвестициялық жобалармен танысуға, коммерциялық және әлеуметтік жобаларға тұрғын емес үй-жайларды жалға алу туралы мәлімет алуға болады.

"Astana "ӘКК" АҚ қызметкерлері бағдарламалар мен жобаларға қатысуға, өтінімдер мен құжаттарды қабылдауға қойылатын талаптар бойынша кеңес береді. 

Сонымен қатар, осы күні iQala қалалық қызмет көрсету орталығында елорда тұрғындары үшін мемлекеттік органдардың, аудандық әкімдіктердің қызметкерлерімен, кәсіпкерлікті қолдау институттарының, коммуналдық кәсіпорындар мен қаланың басқа да ұйымдарының өкілдерімен кеңес беру кездесулері ұйымдастырылады. 

Іс-шараға қатысушылар арасында - "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының, аудан әкімдері аппараттарының, Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, "Астана-РЭК" АҚ, "Астана Су Арнасы" МКК өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, ашық есік күні Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы» ауданы, Р. Қошқарбаев 29, мекен-жайы бойынша Iqala қалалық Қызмет Көрсету Орталығында өтеді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109