796

Қауіпсіздік, тазалық және үлескерлер: әкімнің құрылыс компанияларымен кездесу барысында қандай мәселелер көтерілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесіп, объектілердегі қауіпсіздік техникасын сақтау, абаттандыру, еңбекті ұйымдастыру, құрылыс салушылардың үлескерлер алдындағы жауапкершілігін талқылады, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.

Бірінші кезекте әкім құрылыс салушылардың назарын құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік техникасының сақталмауына аударды. Көп жағдайда, барлық қауіпсіздік ережелерін елемей, жұмысшылар арнайы бас киімсіз, аяқ киімсіз  еңбек етеді. Осыған байланысты елорда басшысы құрылысшыларды өз алаңдарын ретке келтіруге шақырды.

"Бірінші кезекте мен сіздерден, қауіпсіздік техникасын каскадан бастап арнайы аяқ киімге дейін талаптарды сақтауларыңызды сұраймын.  Біз үшін ең бастысы-жұмысшылардың қауіпсіздігі маңызды әсіресе құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін адамдарға қатысты. Қауіпсіздік шараларына үнемдеудің қажеті жоқ.  Қауіпсіздік техникасы сақталған жерде тәртіп пен сапа бар және нәтиже де болады", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, әкім құрылыс салушыларды қызметкерлерге уақытылы жалақы төлеуге және еңбек шарттарында көрсетілген барлық шарттарды сақтауға, өз қызметкерлерін жаппай наразылықтарға шығуға мәжбүр етпеуге шақырды.

"Біз сіздерге жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасаймыз, бірақ егер сіздер еңбекақыны төлемесеңіздер немесе конверттерде төлесеңіз, онда сізбен әңгіме басқаша болмақ, сондықтан заң шеңберінде жұмыс істеңіздер. Салықтарыңызды төлесеңіздер - ұйқыларыңызда тыныш болады", - деді әкім.

Сонымен қатар, Алтай Көлгінов әкімдік өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіп, құрылыс компанияларына қысым жасалмайтынына сендірді.

"Егер біреу сіздерге әкімдік тарапынан кедергілер жасайтын болса, онда бізге хабарласа аласыз. Оларды ретке келтіреміз. Егер біреу сіздерден пара, ақша сұраса, тиісті органдар дереу шаралар қолданатын болады.  Менің өзіме де тікелей хабарласуларыңызға болады", - деп атап өтті.

Жиын барысында абаттандыру ережелерін сақтауға қатысты мәселелер  талқыланды. Мәселен, жыл басынан бері қоқысты белгіленбеген орындарда тастауға 66,  жолдардың жүруге арналған бөліктеріне қоқысты шығарғандары үшін 76 жүргізуші жауапқа тартылған.

Қалада Алаш тас жолы бойында бір қоқыс тастау орны орналасқан, алайда құрылыс алаңдарынан рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығару жиі кездеседі. Осыған байланысты 109 қызметінің тұжырымына сәйкес, ластануға ұшыраған 10 орынға бейнебақылау камераларын орнату ұсынылады. Сондай-ақ, құрылысшылардың түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзу әрекеттері бар. Осындай шағымдармен биыл 102 желісіне 196 қоңырау келіп түскен.  Әкім осындай жағдайларға жол бермеу керектігін атай келе, елорда көшелерін ластамау үшін нысандардың басшыларын құрылыс алаңдары мен техникаларды тазалықта ұстауға шақырды.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов жиынға қатысушыларға үлескерлермен жұмыс істеу барысында аса жауапкершілікпен қарау керектігін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде елордада жосықсыз құрылыс салушылардың әрекеттерінен зардап шеккен 10 мыңнан астам үлескер бар. 

"Мен үлескерлермен кездестім және кейбіреулер өз пәтерлерін ала алмай ткеткен, көпшілігі өз мүліктерін салды, жатақханаларда тұрады, біреулер мүлдем үйсіз қалды. Мемлекет қазір олардың проблемаларын шешуде. Мұндай әрекеттер қайталанбас үшін әрбір объектіде қатаң бақылауды жүзеге асыратын боламыз. Егер сіз адал табыс тапқыңыз келсе, біз сіздерді қолдауға дайынбыз. Президент бизнесмендер үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау мәселелерін жеке өзі бақылайды. Бірақ бизнес үшін де, әсіресе құрылыс саласында да жауапкершілік болуы керек", - деді әкім.

 Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе құрылыс кезінде отандық өндірушілердің материалдарын қолдану болды.  Әкім құрылыс салушыларды сапасы жағынан басқа елдердің өнімдерімен бәсекелесе алатын қазақстандық тауарларды қолдауға шақырды.

"Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет қарапайым заттардың экономикасына 600 млрд.теңге бөлді. Бізде өндірілетін құрылыс материалдарының түрлері мүмкіндігінше қаланың құрылысы кезінде пайдаланылуы тиіс. Бізде үй құрылысы комбинаттары пайда болды, лифттер жиналады, бұл өндірісте мыңдаған адам жұмыс істейді, осының барлығы сіздер үшін шығарылады", - деп қортындылады Алтай Күлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109