4550

«Аз қамтылған отбасыларды тұрғын-үй сатып алу үшін несиелеу» бағыты бойынша өтініштер қабылдау басталды.

Елордалық тұрғын-үй қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Аз қамтылған отбасыларды тұрғын-үй сатып алу үшін несиелеу» аясында жолдама қабылдау басталғаны жайлы қала әкімдігінің сайты хабарлайды.

 Жолдама алу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 17-31 шілдесі аралығында қабылданады (I кезең).

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы санаттарында кезекте тұрғандар қатыса алады.

Бұдан басқа, бағдарламаның шарттары бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс., несиелеудің ең көп сомасы 15 млн. теңгені құрайды. несие мерзімі-20 жылға дейін, бастапқы жарна - тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады. Бұл ретте бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған.

Осы бағдарлама бойынша өту үшін 3 кезеңнен өту керек:

  1. Тұрғын үй қорынан жолдама алу (Р. Қошқарбаев д-ы, 39);
  2. Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау;
  3. Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда Сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын салу қажет. .

Жолдама алғаннан кейін азаматтар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.

Толық ақпарат @zhilfond_nursultan  инстаграм паракшасында.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109