4660

Әкімдік пен кәсіпкерлер палатасы халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстарды талқылау үшін қала әкімі Алтай Көлгінов "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен кездесті.

Кәсіпкерлікті дамытуда тәжірибесі мол ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қаладағы жұмыссыздық пен мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқыту бойынша мәселелер талқыланды.

- Тұрғындармен кездесулерде жұмыс сұрайтындар көп. Сонымен қатар, оқып сертификат, диплом алғысы келетіндер де жоқ емес. Олар - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар. Осындай азаматтарды әлеуметтендіру мәселесін біз "Атамекен" ҰКП бірге тездетіп бастағымыз келеді, - деді А.Көлгінов.

- Біз осы арқылы қаланың және шаһар шетіндегі ауылдардың тұрғындарын қамтығымыз келеді. Азаматтарға кәсіби тұрғыдан қалыптасу үшін қаржылай, психологиялық көмек беру қарастырылған, - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Тараптар жақын арада нәтижелі нақты жұмыстармен айналысуға келісті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109