2935

Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының үздік брендбук байқауы қайта жарияланды

Нұр-Султан қаласының әкімдігі елорданың үздік брендбук жобасын анықтау бойынша шығармашылық байқауын қайта жариялайды. Бұл байқау жастарды  патриотизм сезімінде  тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Өз жұмыстарын дизайнерлер және суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 17 шілдесінен 2 тамызына  (қосы алғанда) дейін жүргізіледі.

Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 2 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсырулары керек: 1. Брендбук нобайлары (нобайлар А4, А3 форматындағы түрлі-түсті қалың қағазда жасалуы тиіс). 2. Шығармашылық жұмысты сипаттайтын түсіндірме жазба.

Қазылар алқасы дизайнерлерден, суретшілерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі,11, 528а, 535 кеңсе, тел .: 55-67-19, 55-67-07 нөміріне хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109