1473

Астананың 600-ден астам маманы Арыс қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады

Арыс қаласының 659 нысанын қалпына келтіруді елорда қамтамасыз ететін болады. Астаналық бригадалармен жүргізіліп жатқан зардап шеккен қала инфрақұрылымының жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысы туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты.

Мәселен, Нұр-Сұлтан үшін жалпы көлемі 98 га Арыс 9 секторы бекітілген.

Елордалық әкімдік 659 нысанды, оның ішінде 600 жеке және 59 көппәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Жұмысқа 32 құрылыс компаниясы, 600-ден астам адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылды.

"Нысандардың жалпы санынан 36 жеке тұрғын үй мен 7 көппәтерлі тұрғын үй толық қираған . Олар үшін жаңа құрылыс қажет. Барлық нысандар бойынша ақау актілері мен сметалық есептеулер жасалды. Барлық жұмыстарды жүргізуге арналған шығын сомасы 4,7 млрд.теңгені құрайды. Шығындардың 50 % - ын Үкімет резерві есебінен жабу көзделіп отыр", - деді Н. Нұркенов.

Жалпы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тамыз айының басында аяқтау көзделіп отыр.

Қираған нысандарды бұзу осы аптада аяқталады, одан кейін жаңа үйлерді салу басталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109