2930

Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

22-29 шілде аралығында астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.

Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды. 

Сабақтарды Карина Сеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқты танымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады. 

Мектеп "Park inn" by Radisson қонақ үйінде Сарыарқа даңғылы, 8а мекен-жайы бойынша сағат 10-нан 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады.

Жоба "Қазақстан Даму Ассоциациясы" ЗТБ іске асырылуда. Кіру тегін.

Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109